Bugin
Фото: freepik.com
Jurnalist_kz YouTube арнасында Сандуғаш Жұмабек түрмедегі өмірі жайлы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Мен түрмеден басқа Сандуғаш болып оралдым. Түрме мені мықты қылды. Түсінуді үйретті. Кешіруді үйретті. Түрмеден шыққаныма 2 жыл уақыт болса да, кейде қабылдай алмай қаламын. 5 жыл деген аз уақыт емес қой. Қоғамға сіңіп кетуім қиын болды”,- дейді Сандуғаш Жұмабек.
Сандуғаш Жұмабек не үшін темір торға тоғытылғанын ашып айтты.
“Жақын адамым (құда-құдағи) көмек сұрап келді. Дос қызыма хабарласып, оған көмектестім. Құрылысқа қатысты. Бірақ құдам мені жарты жолда тастап кетті. Мен дос қызымнан алған қарыздың бәрін өзін жаптым. Қарызға баттым. Тойға шықтым, ән айттым, сценарий жаздым. Сол кезде дос қызым “екі қызыңның да шаңырағын ортасына түсіремін” деді. Мен өзім тірі жетім болып өстім. Балаларым да әкесіз өсті”,- дейді Сандуғаш Жұмабек.
Ол түрмеге түсуінің басты себебі – аңғалдығы, сенгіштігі екенін айтты.
“Астанада 2 ай болып, Қарағандыда әйелдер зонасына түстім. 10 әйелді тоқтатқаннан, мыңр еркектің дауын тоқтатқан оңай. Себебі әйелдер ешқашан тоқтамайды. Ұрыс болсын, төбелес болсын. Әйелдердің кекшілдігін зонада мойындадым. Күнде иненің үстінде жүргендей боласың. Қай жерден кім ұрыс, төбелес бастайды екен деп”,- дейді Сандуғаш Жұмабек.
Ол өзінің түрмеге түскені үшін ешкімді айыптамайтынын айтты.