Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім көлік ұрлаған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, көлікті заңсыз иемдену фактісі аудандық полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады.
"Сонымен қатар 20 мамырда құқық қорғау органдарында көлік құралын заңсыз иемдену бойынша екі дерек тіркелді, олар жедел түрде, ізін суытпай ашылды. Осы жағдайлардың бірі техникалық қызмет көрсету станциясында болды, онда қарақшылар ұрланған көлікпен жасырынуға тырысқан, бірақ полицияның жедел әрекетінің арқасында қолға түсті",- делінген хабарламада.
Статистикалвқ мәлімет бойынша, жыл басынан бері аймақта 44 автокөлік ұрлығы тіркелген, оның 38-і ашылған.