Bugin
Фото: freepik.com
Экстремал спорт әуесқойлары арасында туризмнің жаңа түрі танылып жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Компаниялар "торнадоны аңду" үшін тур ұйымдастырған. Оның бағасы миллион теңгеден басталады. Олардың резервінде алты адам сыятын фургондары бар. Адамдар радар арқылы дауылдарды бақылап, торнадо болатын жерге барады. Әрбір адам тәуекелдер туралы арнайы құжатқа қол қоюы керек.
Бұл тур мамыр айында сұранысқа ие болған. Турдың бағасы 2,5 миллион теңгеге дейін өзгереді. Ол маусымнан тамызға дейін созылады.