Bugin

Шаш түсуінің негізгі себептері қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Теледәрігер" бағдарламасында шаш түсуінің негізгі себептері айтылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жазда және ұйқы кезінде шаш тез өседі. Бірақ адамдарды шаштың көп түсуі алаңдатады. Қалыпты жағдайда адамдарда күніне 100-150 тал шаш түседі. Егер шашты тартып көргенде 10-нан жоғары шаш түсетін болса трихолог маманға қаралу керек. Трихолог мамандар шаш түсуінің себептерін анықтайды. Олар диагностикалық аппаратпен тексереді.

Мамандар балалардағы шаш түсуі – асқынған аурудың белгісін көрсететінін ескертеді. Шаш түсуінің 300-ден аса себептері бар екен. Маман шаш түсуіне алып келетін негізгі факторларды атады. 

"Ағзадағы микроэлементтердің аз болуы, қантамырдардың дұрыс жұмыс жасамауы, жүйке жүйесінің әлсіздігі, күйзеліс, асқазан мен ішек аурулары, ұйқыбезінің бұзылуы шаштың көп түсуіне себеп болады", - дейді маман.

Шаш түсуінің негізгі себебі – ағзаға витаминнің жетіспеуі. Қан айналымы дұрыс болмаса басқа нәрлі заттар жетпей қалады. Сонымен қатар шашты химиялық бояулар қоспасымен сәндеу де зиян. 

Шаш түсуінің алдын алу үшін дұрыс тамақтану мен ұйқы режимін дұрыстау қажет. Мамандар шаштың түбі мықты болу үшін жуа немесе сарымсақтың сығылған суы пайдалы екенін айтты.