Bugin

Бөгет бұзылған: Махамбет ауданында халықты эвакуациялап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Атырау облысында Махамбет ауданының халқы үшін дабыл қосылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Себебі Махамбет ауданы Жалғансай ауылында түн ортасында бөгет бұзылды.

ТЖ жөніндегі облыстық жедел штаб дәл қазір ауылдық дәрігерлік пунктті су басу қаупі төніп тұрғанын хабарлады. Жағдайды тұрақтандыру үшін облыс орталығынан қосымша күштер мен ресурстар тартылды. Облыс әкімі төтенше жағдай орнында.

Сағат түнгі 01:20 шамасында дабыл сигналдары қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сонымен қатар облыс орталығына  эвакуациялау басталды.

“Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ”,-делінген жедел штаб мәліметінде.