Bugin

Тағамдар: тез дайындалатын таңғы ас

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Аймук

Таңды сергек бастау үшін міндетті түрде құнарлы таңғы ас ішу керек. Адамның денсаулығы үшін аш қарынға майлы, ащы не тым тұзды тағамдарды жеуге болмайды. Bugin.kz порталы таңғы асқа ең оңай дайындалатын смузидің бірнеше түрін ұсынады.

Зоя Лисинаның тамақтану тәсілі бойынша көктем мен күздің таңы пайдалы смузиден басталуға тиіс. Ең әуелі дұрыс тамақтануды насихаттаушы таңғы асқа түрлі жидек пен анардан жасалған смузиді ішуді жөн санайды. 

Жидектен жасалған таңғы ас-смузи витаминдер мен органикалық қышқылдарға толы. 

"Денені омега-3 май қышқылдарымен, кальциймен және басқа пайдалы элементтермен қанықтырады", - дейді маман.

Бір порцияда 223 килокалория бар.

Жидек қоспасы (таңқурай, көкжидек, көкжидек, құлпынай) мен анар шырыны не жемістің өзі, жарты кесе таза газдалмаған су болса жеткілікті. Барлық қоспаны блендермен шайқау керек. 

Одан бөлек, ең оңай әрі пайдалы таңғы астардың бірі - алма-банан коктейлі. Бір порцияда 397 калория бар. Оның құрамы 1 дана қызыл не жасыл алма, 1 дана банан жемісі, 2 үлкен қасық табиғи йогурт немесе сүт. Қалауыңыз бойынша грек жаңғақтарын да блендермен езіп, қоссаңыз болады. 

Тағы бір оңай жасалатын смузиге 25 грамм сұлы жармасы, 2 қасық табиғи йогурт ,10-15 дана бадам, бір дана банан қажет. Оны дайындау үшін бадамды ірілеп турап, үстіне бананды қосады. Осыдан кейін жаңғақтар мен жемістерді блендер контейнеріне саласыз. Артынша жарма, йогурт және қалауыңызға қарай бал қосыңыз. 

Смузидің бір порциясында 9,8 грамм ақуыз, майлар, көмірсулар бар. Яғни, 366 ккал калория бар.