Bugin

"Күйеуі іздемеген": бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Оралда бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz-ке сілтеп.

Айнагүл есімді келіншек 3 баланың анасы. Ол 26 сәуір күні із-түзсіз жоғалып кеткен.

Келіншектің табылғаны туралы "НеМолчи" қорының басшысы хабарлаған. 

"Айнагүл байланысқа шықты. Өзінің суреттерін алып тастауды өтінді. Алаңдаған достары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бізге хабарласқан адамның дауысы Айнагүлдікі екеніне көз жеткіздік", – дейді ол.

Алайда келіншектің жоғалғаны туралы хабарды оның күйеуі емес, достары мен әріптестері жеткізген. Ал ер адам өз әйелін бір апта бойы іздемегені анықталды.