Bugin

“Үш адамды өлтірді”. Күдікті болған ер адам кінәсін мойындамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  Sputnik / Виталий Белоусов

Петропавлда ер адам үш адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтуде.

25 жастағы ер адам кішкентай інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жібергені айтылған. Алайда сотталушының анасы ұлының бұлай жасағанына сенбейді. Себебі ер адам өрт болған кезде өзінің ұйықтап жатқанын айтқан.

25 жастағы айыпталушы оянғанда өртті көрген. Артынша ол сүйіктісі мен балаларына көмектеспек болғанын, олардың ес-түзсіз жатқанын көрген соң терезені сындырған. Азаматтың сөзін көршілері де растап отыр.  Олардың сөзінше, өрт кезінде жігіттің не істерін білмей жылаған.

Сот отырысында прокурор Роза Жолаушинова істің мән-жайын айтып берген. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 25 қыркүйегінде болған. 

"Сағат 19.00 шамасында балалар қатты ойнап оны оятып жібереді,. Күдікті балаларға ұрысқан. Сол сәтте әйел балаларды жақтаған. Осылайша жанжал басталып, балалар жылай бастаған. Күдіктінің жанжал кезінде әйелін итеріп жіберді, ал кішкентай қызы анасына жүгіріп барған. Ер адам қызды қолына алып, баланы үйдің верандасына қарай лақтырып жіберген", -  деп атап өтті өз сөзінде прокурор.

Ал айыптаушы тарап бір жасар қыз баланың ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмғанын айтады. Қорытынды бойынша қыздың анасының полицияға хабарлаймын деп қорқытқаны, ер адам әйелді тұншықтырып өлтіргені айтылған. Ер адам інісін де осылай өлтірген көрінеді.

Прокурор сараптамалар қорытындысында 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеген. Ал күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмғаны белгілі болды. Сарапшы көз жұмған бір жасар қыздың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, атап өткен. Мұндай ауыр жарақаттар адам өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша кінәсін мойындамаған.