Bugin
Фото: Аптап ыстық.Depositphoto.com
Биылғы сәуір айы метеорологиялық бақылаулар тарихында ең жылы күндер ретінде тіркелді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуір айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы әдеттегіден 1-6° жылы болды.
Ай ішінде ауа температурасының рекордтары тіркелді. 19 сәуірде Ақтау метеостанциясында (МС) абсолютті максимум +30,1°С болды, осылайша 2014 жылғы рекордты жаңартты. Көкшетау метеорологиялық станциясында ауа 26,3°С-қа дейін жылыды, 2020 жылғы абсолютті максимум 24,2 градустан асып кетті. Қостанай МС-да ауаның максималды температурасы 29,3 ұрадус тіркелді, бұл 1982 жылғы рекордтан жоғары болды. Петропавл МС-да термометр 28 градусқа жетіп, 1982 жылғы рекордты жаңартты.
Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында еліміздің басым бөлігінде жоғары температура сақталып, Қазақстан қалаларында жаңа рекордтар пайда болды. Мысалы, 21 сәуірде Ақтауда 31,5 градус болды, осылайша 1975 жылғы рекордты жаңартты. Петропавлда ауа +28,8 градусқа дейін жылып, 1982 жылғы абсолюттік максимумнан асып түсті. 22 сәуірде Атырауда термометр 31,2 градусқа дейін көтерілді, осылайша 2012 жылғы рекорд жаңарды. Оралда абсолютті максимум 28,4 градус болды, осылайша 1967 жылғы рекорд жаңарды. Жезқазғанда ауаның максималды температурасы 27,7 градус болды, бұл 2023 жылғы рекордты жаңартты.
Сәуірдің аяғында елдің шығыс бөлігіне суық ауа райы түсіп, солтүстік антициклонның басып кіруімен байланысты болды. Бұл ретте республиканың шығысында ауа температурасы түнде -1-10°С дейін төмендеді.
Қазақстанның басым бөлігінде сәуір айында жауын-шашын аз болды. Тек кей күндері ғана жауын-шашын көп болды.