Bugin

Еуроодақтың 3 елі Палестина тәуелсіздігін мойындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Палестина. Depositphoto.com

Норвегия Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындағанын елдің премьер-министрі Йонас Гар Стере мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Reuters”  агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ирландияның премьер-министрі Саймон Харрис пен Испания премьер-министрі Педро Санчес те Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп тану шешімін жариялады. Норвегия мен Испанияның шешімі 28 мамырда күшіне енеді.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар:

 “Он мыңдаған адамдар қаза тауып, жараланған кезде біз израильдіктер мен палестиналықтарға жалғыз саяси шешім ұсына аламыз. Олар бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүретін екі мемлекет", - деді.

Осы шешімдерден кейін Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаған Еуроодақ елдерінің саны 13-ке жетті.

Израиль Палестинаның тәуелсіздігін мойындау жоспарына байланысты Норвегия мен Ирландиядағы елшілерін еліне қайтаруға шешім қабылдады.

G7 елдерінің ешқайсысы (Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ) Палестинаны дербес ел ретінде мойындамайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 мүшесінің 140-тан астамы мойындайды.