Bugin

Бөгеті бұзылған Жалғансай кентінің қазіргі жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бөгеті бұзылған Жалғансай кенті. ТЖМ

Атырау облысының Жалғансай кентінде жағдай тұрақталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін сағат 01:20 шамасында Махамбет ауданынының Жалғансай кентінде дабыл сигналы қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сонымен қатар облыс орталығына эвакуациялады. 

Осы түнде елдімекенде қорғаныс бөгеті бұзылған еді. Таңертең Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.

Ведомство мәлімдемесінде: 

"Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды. Бұл Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері. 

Жол төсемінің бойында ұзындығы 800 м және биіктігі шамамен 1,5 м жер білігі тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр",-делінген.