Саясат
Президенттің өмірі жайлы не білеміз?
1. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев белгілі жазушы, қазақ детектив жанрының негізін салушы болды. ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысып, екі мәрте "Ерлігі үшін" және бір мәрте Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі медалімен марапатталды.
2. Президенттің анасы Шабарбаева Тұрар педагогикалық университеттің ұстазы болды. Халықаралық дәрежедегі лингвист ретінде қызмет атқарды.
3.Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында оқыған. Бұл мектеп Қазақстандағы француз тілін тереңдетіп оқытатын жалғыз оқу орны. Аталмыш оқу орнын Ресей саясаткері В.Жириновский де бітірген.
4. Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның руы жалайыр.
5. Президент мырза бүгінде қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай тілдерін жетік біледі.
6. Ондаған кітап пен ғылыми, саяси мақалалардың авторы. Халықаралық дәрежедегі дипломат.
7. Пинг-понг ойнағанды ұнатады және әуестенеді. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннис Федерациясын басқарды.