Bugin

Петропавлда 94 жастағы қария үйін жарып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Астана" арнасы

Петропавлда 94 жастағы зейнеткер үйін газ баллонымен жарып жіберген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарт жарылыс кезінде үйде болған, алайда аман қалған. Көршілері қария бұл әрекетті әйелімен арадағы жанжал себебінен істеуі мүмкін дейді. Төтенше жағдайға дейін әйелі қатты соққыға жығылған.

Жарылыс болған үйдің көршісі Галина Каменова жәбірленген әйелдің көмек сұрап келгенін айтады. Әйел қансыраған хәлде көршісіне өрт сөндірушілерді шақыруды өтінген.

Сосын үйге полиция мен екі жедел жәрдем келген. Тәртіп сақшылары үйге кіріп, зейнеткерді залалсыздандыруға әрекеттенген. Қария сонда да сіріңке тұтатып, жарылыс жасап үлгерген.

Қария осыған дейін де бірнеше рет жарылыс жасауға әрекеттенген. Қауіптенген көршілері тіпті басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болған.