Bugin

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы 3 айда екінші рет министр болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ахмат Қадыров. RKadyrov_95 / Telegram

2024 жылдың ақпанынан бері Шешенстанның жастар істері министрі қызметін атқарған Ахмат Қадыров республиканың спорт министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Рамзан Қадыровтың Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамзан Висмуродов Жастар істері министрі болып тағайындалды. Рамазан осыған дейін “Ахмат” спорт клубының директоры болған.

Бұрын спорт министрі болып жұмыс істеген Иса Ибрагимов Шешенстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне ауыстырылды.

Ахмат – Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы. Ол 18 жаста. Осы жылдың ақпан айында Ахмат Шешенстанның жастар ісі министрі болып тағайындалды. Бұл қызметке дейін Ахмат Қадыров Дене шынықтыру және спорт министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ахмат Шешенстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының облыстық кеңесінің төрағасы да болды.