Bugin
Фото: mangystaumedia.kz
Испанияның Малага қаласында жастар арасында өткен "Malaga Junior European Cup" турнирінде маңғыстаулық спортшы Жантілек Нұртілепұлы 2-орынға ие болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Еуропа Кубогына 21 елден 350-ден аса спортшы қатысқан. Бұл сында Қазақстан құрамасынан Жантілек Нұртілепұлы жеңіс тұғырынан көрініп отыр.
Спортшы ақтық сайысқа дейін 3 кездесу өткізіп, Әзірбайжан, Франция, Польша (Daniel Chamerski) елдерінің дзюдошыларынан басым түсті. Өкінішке қарай, шешуші сында әзірбайжандық спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.