Bugin
Фото: втидео скрині
Павлодарда оқушылар арасында төбелес болды, жарақат алғандар бар, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" мектебінің оқушылары арасында жаппай төбелес болған. Үш курсант медициналық көмекке жүгініп, бір оқушы ауруханаға түсті.
Павлодар облысының Бала құқығы жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың tengrinews.kz-ке айтқаны бойынша, оқиға 16 мамырда Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мектеп-интернатында болған.
"Үзіліс кезінде 11-сынып оқушылары 10-сынып оқушыларының кабинетіне кірген. Оқушылар сөзге келіп, аяғы 30 секундтық төбелеске ұласқан. Бір бала ауруханада. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды" - деп жауап берген Покидова.
Жергілікті полиция аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғады.Оқу орнының қызметкерлеріне дисциплинарлық айыппұл салынады.
Оқиғаның видеосын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.