Bugin

Жайық өзені арнасынан асты: көлік қозғалысы шектеле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видел скрині

Жайық өзенінің арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.

"Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап тоқтауы мүмкін", - делінген ресми хабарламада.

Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолы мен Махамбеттің тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.