Bugin

Ағзада паразиттер бар екенін қалай анықтауға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Паразит десе, көп адам көз алдына ағзадағы құрттарды ғана елестетеді. Паразиттер – шын мәнінде тіршілік ету үшін басқа тірі ағзаны қажет ететін организмдер. Олар қорегін орналасқан тірі ағзаның иесінен алады. Олардың пайдасы жоқ және тек зиянды. Адам ағзасындағы паразиттер туралы Bugin.kz тілшісі lifehacker.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Паразиттердің үш негізгі түрі бар:

Гельминттер немесе паразиттік құрттар – көбіне асқазан-ішек жолдарында өмір сүреді. Бірақ кейде олар қан мен тері астындағы тіндерде де өмір сүре береді.

Қарапайымдар – адамның қанында және ұлпаларында тіршілік ететін бір жасушалы паразиттер. Олар тамақ немесе су арқылы, жеке байланыс арқылы таралады. 

Эктопаразиттер – иесінің денесінен тыс тіршілік ететіндер. Бұған бүргелер, биттер және кенелердің барлық түрлері жатады. Олар әдетте адамды тістеген кезде инфекцияны қан арқылы таратады.

Паразиттер неліктен қауіпті?

Адам ағзасында өмір сүретін паразиттер инфекцияны өршітеді. Олар ағзаның кез келген бөлігіне кері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде ішек аурулары, бөртпе, ми мен өкпенің зақымдануы пайда болады.

Паразиттер бар екенін қандай белгілерден байқауға болады?

Паразиттердің көптеген түрлері бар.  Көбінесе белгілер ерекшеленбейді. Басқа аурулардың белгілеріне ұқсас болады.

Паразиттік инфекцияның белгілері: жоғары температура; бұлшықет ауыруы; шаршау; жүрек айну және құсу; диарея; конвульсиялар; бас ауруы; терідегі қызару, қышу, бөртпе немесе жаралар.

Паразиттерді қалай анықтауға болады?

Күмәнді белгілер пайда болса, дәрігер кеңесін алу керек. Маман барлық паразиттерді бірден анықтауға арналған сынақтарды тағайындай алмайды. Себебі мұндай зерттеу әлі пайда болмаған. Маман сіздің шағымдарыңызды тыңдайды. Қажетті сұрақтар қояды. Бұл әдіс арқылы  паразиттер тізімін қысқартуға және керекті қан сынамаларын таңдауға көмектеседі.  Диагноз қою үшін нәжіс пен қан анализі, рентген, МРТ немесе КТ қажет болуы мүмкін.