Bugin

Әйел денсаулығы үшін маңызды 5 ереже

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Кез келген адам сау әрі сымбатты болғысы келеді. Әсіресе, әйел адамның өз денсаулығына көңіл бөлгені жөн. Әйел денсаулығы үшін маңызды кеңестерді Bugin.kz порталы profilaktica.ru сайтына сілтеме жасап, ұсынады. 

1. Таңертең бір стақан су ішіңіз
Оянған соң ең алдымен бір стақан жылы су ішу керек. Егер сізге қарапайым судың дәмі ұнамаса, стақаныңызға бір тілім лимон немесе лайм қосыңыз. Су ағзаны тазартады, метаболизм жұмысын жақсартып, токсиндерді шығаруға көмектеседі. 

2. Ұйқыңызды қандырыңыз
Ұйқы режимінің дұрыс болмауынан адам тез шаршап, ашушаң болады. Сондай-ақ, шамадан аз ұйықтау физиологиялық проблемаларды тудыруы мүмкін. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, ересектер түнде 8 сағат ұйықтау керек. Толыққанды ұйқы – күніңіздің жақсы әрі сапалы өтуіне себеп.

3. Таңертең жаттығу жасаңыз.
Таңертең ерте тұрып дене жаттығуларын жасаңыз. Күнде жүгіріңіз және таза ауада жүріңіз. Бұл сіздің қаныңыздың бұлшықетке жетуін жеңілдетеді.

4. Таңғы ас ішіңіз.

Қазақта "таңғы асты тастама" деген сөз бар. Мүмкіндігінше үйден шығарда тамақтанып шығыңыз. Таңғы ас – сәтті күннің кепілі. 

5. Өмірді сүйіңіз.
Көбірек демалыңыз. Бос сөзге мән беріп,  күйзеліске түсуге жол бермеңіз. Барлық жағдайды жеңіл қабылдаңыз.  Үнемі күлімдеп жүріңіз. Әр оқиғаның тек жақсы жағына мән беріп үйреніңіз.