Bugin

Педофилдер не үшін ауылда көп? – Судья

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Айгүл Мәлікова ауылда педофилдердің не үшін көп болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айгүл Мәлікова "Әділетті қоғам" бағдарламасында зорлық-зомбылықтың күн тәртібінен түспей тұрғанын айтты. 

"Ауылда педофилдер көп деуімнің себебі, қалада көбіне балалар қараусыз жүрмейді. Пәтеріміз құлыттаулы, барлық жерде бейнекамералар бар. Ата-ана баланың сабаққа дейін қайда болғанын, сабақтан кейін қайда болатынын біледі. Мен ауылдағы ата-ана баласын қараусыз қалдырады демеймін. Ауыл болғасын көрші-қолаңның үйінде ойнайды, үйге туыстары келеді. Балалар еркін өседі. Ауылда ер адамдар күні бойы жұмыста, ал әйелдердің тірлігі көп. Бала ойнап жүрсе болды. Ал педлфилдер қараусыз жүрген балалардың соңына түседі”, - дейді судья.