Bugin

Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Сенатор Нұртөре Жүсіп әйелдерге арналған орталықтарды нығайту керектігін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Нұртөре Жүсіп қиын жағдайға тап болған әйелдерге, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсетіп келе жатқан орталықтарды қолдау керектігін айтып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

"Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде жұмыссыздар саны 452 мың адамды құраса, оның арасында жұмыссыз әйелдер 242 мың шамасында", - деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, "Бақытты отбасы" сияқты орталықтар әйелдерді рухани, моральдық тұрғыдан қолдап, кәсіп үйретсе, екінші жағынан халқымыздың этнографиялық мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа тәлім беретін таптырмас мәдени мектептің қызметін атқарады.