Bugin
Фото: properm
Ақтауда таксиге мінген жолаушы жүргізушіні өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиғаның "Адай" базасының аумағында тіркелгені анықталды. Полиция такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдан соң ер адамның суық қару қолданғанын мәлімдеді.
Жолаушы жүргізушіге пышақ сұғып, мерт қылған. Артынша өзі де пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі ауруханаға 22 мамыр күні іш қуысының пышақ жарақатымен науқастын келіп түскенін растады.
“1979 жылы туған науқасқа кеше сағат 22:20-да шұғыл ота жасалды. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр”, – делінген хабарламада.
Облыстық ПД адам өлтіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.