Bugin

Қазақ қазысы әлем бойынша "үздіктер" қатарына енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Қазақтың ұлттық тағамының бірі әлемдік үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТasteAtlas электронды энциклопедиясына сілтеме жасап.

Қазы "Әлемдегі ең үздік 100 шұжық" рейтингісіне енді. Бұл тізімде жылқы етінен жасалған дәстүрлі қазақ шұжығы 81-орынды иеленген. Рейтингте алғашқылардың бірі болып неміс халқының тағамы тұр. Ол - Bockwurst сарделькалары. Екінші орынды шведтің Prinskorv шұжығы алған. Ең үздік үштікте Виньяиш қаласында өндірілетін португалдық «Альйера» шұжығы бар. 

Бұл рейтинг тіркелушілердің дауыс беруімен анықталған.

"Әлемдегі ең үздік 100 шұжық" тізімін жасау үшін 2024 жылдың 15 мамырына дейін 7274 баға тіркелді, оның 5465-і жүйе заңды деп танылды", - делінген рейтингтің сипаттамасында.

Бұл тұста Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында "Әлемдегі ең үздік 100 шұжық" тізіміне енген жалғыз ел болып табылады.