Саясат

Тоқаев алдағы күндері кімдермен келіссөз жүргізеді?

Мемлекет басшысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасын жариялады.

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61