Bugin
Фото: ВВС
Украина билігі Ресейге шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.
Украинаның әскери күштері Харьков пен көрші Люботин қаласына бірден 15 зымыранмен соққы берді. Соның салдарынан ірі баспаханада өртеніп, кемі жеті адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған.
Соққы жасалған кезде типография цехында 65 адам болғаны айтылды.
"Ол жерде желім, қағаз, бояу болған. Барлығы бірден өртке оранды. Өрт сөндірушілер арнайы жабдықта жұмыс істейді, сөндіруге түтін кедергі келтірді. Адамдардың денесі біртіндеп шығарылып жатыр", - деп хабарлайды басылым ВВС.
Билік "Vivat" баспасына жататын "Фактор-друк" баспаханасы қирағанын көрсеткен. Қаза тапқандар арасында 1 ер адам, 6 әйел болғаны хабарланды.
"Vivat" баспасы бұл Еуропадағы ең үлкен толық циклді типографиялық кешендердің бірі, сондықтан онда тек Vivat баспасының ғана емес, сонымен қатар барлық украиналық баспалардың кітаптары басылады", - деп жазады ВВС.
Харьковқа жасалған соққы жайлы Украина президенті Зеленский де жазба жариялады.
"Ресей Харьков пен Люботинге қарсы өте қатігез түрде шабуыл жасады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, бірден 15 зымыран атылған. Ең өкініштісі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Шұғыл қызметтер қазірдің өзінде соққы беру орындарында және әрбір зардап шеккен адамдарға қажетті көмек көрсетеді", — деп жазды Украина президенті.