Bugin
Фото: Айтбек Амангелді
Айтбек Амангелді марқұм қарындасының жоғалған заты туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында жаңа деректерді мәлімдеді.
Айтбектің айтуынша, Бишімбаев ісіне қатысты тінту жұмыстары тек Бишімбаев пәтерінде жүргізілген. Салтанат Нүкенова тірі кезде пайдаланған ноутбук іс-түзсіз жоғалғаны анықталған еді.
Дегенмен, техника әлі күнге дейін табылмады.
"Салтанатта HP маркалы ноутбук болды. Жұмыс бабымен қолданатын, онда жұлдызнамалық есептеулер жүргізетін арнайы бағдарламалар болды. Одан бөлек, біз үшін ең маңыздысы, онда Салтанаттың барлық суреттері сақталған. Басқа ішінде не болғанын білмеймін, бірақ ноутбук іс-түзсіз жоғалып кетті. Қайда кетуі мүмкін? Кіп-кішкентай айпад емес, кәдімгі үлкен ноутбук. Бишімбаев үйінде тінту жүргізілді, телефондары тәркіленді, бірақ оның ата-анасының пәтерінде, сол тұрғын үйдегі екінші пәтерде, оның туған апайының үйінде ештеңе қаралмады", — деді А.Амангелді Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.