Bugin

Павлодарда әйел адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Павлодарда VITA еріктілері әйел адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еріктілердің мәліметінше, 18 мамыр күні сағат 17:00 шамасында 45 жастағы Нина Медведева жоғалған. Ол Шөкин көшесіндегі 24-үйден белгісіз жаққа шығып кеткен.

Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, орта денелі, көк көзді, аққұба, шашы қысқа. Ерні мен сол жақ қасында тыртығы бар. Оның үстінде қоңыр-сарғыш күрте, қара футболка мен джинс шалбар, ақ кроссовка және ақ "М" әрпі бар қара қалпақ киген. Ұстаған сөмкесі қоңыр түсті.

Еріктілер із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпараты бар кез келген адамды +7(747)615-55-63, +7(777)334-82-01 телефон нөмірі бойынша немесе полицияға хабарлауын сұрап отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61