Адам қаза болған: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: zakon.kz 

Түнде Алматының Әуезов ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болған. Көлік жүргізушілерінің бірі қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу басталды,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

24 мамыр күні сағат 02:35-те Алматының Әуезов ауданында жол апаты болды. "Райымбек" даңғылында екі көлік соқтығысты.

"Бір  жүргізушісі алған жарақаттан қаза тапты. Көлік апатының себептері  анықталып жатыр", - деп хабарлаған  Алматы полиция департаменті  NUR.KZ тілшісіне.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61