Bugin

Түркістан облысында жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында 10-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полицейлер жасөспірім өзіне суицид жасап, көз жұмған деп отыр. 

Otyrar сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, студент бірнеше күн бойы үйінде болмаған. Оның ата-анасы полицияға хабарласып, із-түзсіз жоғалғанын айтқан.

Өкініштісі сол, ол өлі күйде табылды.

"Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалып, барлық мән-жай анықталады", - деп хабарлаған Түркістан облыстық полиция департаментінің  баспасөз қызметі.