Bugin

Соколок каналының бөгеті бұзылды. Атырауға қандай қауіп бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Атырау облысының жедел штабынан алынды

Бүгін  судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

"Соколок" каналы – Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі.

Ведомство хабарламасында:

"Канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынған. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді.

Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді",-делінген.