ДАМУ
Фотоколлаж: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
24 мамыр – төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің дүниеге келген күні. Bugin.kz порталы спортшы туралы деректерді ұсынады:
- 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда облысында туған. Анасы Галина Ильинаның сөзінше, салмағы 4 кг 100 грамм болып дүниеге келген.
- Есімін Илья деп үлкен атасының құрметіне қойған;
- Бала күнінен денесі мығым, шымыр боп өскен. Спорт залға 5-6 жасынан бастап барған. Алты жасынан бастап Вилорий Пак жаттықтырған;
- 9 жасынан бастап түрлі жарысқа қатысқан;
- Он жасында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткізілген сайыста “ең жас қатысушы” атанған;
- Бала кезінен жан-жақты болған, тіпті брейк биімен де айналысқан;
- Гандболшы Гүлзира Ысқақова және жеңіл атлет Юлья Пакпен бір сыныпта оқыған;
- “Ең жас әлем чемпионы” атағымен “Гиннес” рекордтар кітабына енген;
- 17 жасында қараша айында Катар мемлекетінің астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында алғаш рет жеңіске жеткен;
- 2008 жылы Пекинде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін берілген алғашқы сыйақысына, 100 мың долларға, Қызылордада жастарға спорттық алаң салып берген;
- 2011 жылы Франция астанасы Парижде өткен Әлем чемпионатында үш дүркін чемпион атанды;
- “Екі жұлдыз” жобасының бірінші маусымында Гуля Төлегеновамен бірге “20 лет спустя”, “Замыкая круг”, “Чебурашка”, “Алғашқы махаббат” әндерін орындаған;
- “Құрмет” , “Отан” ордендерінің иегері;
- Алматы және Қызылорда қалаларында Илья Ильин атындағы спорт зал ашылған.
Мәліметтер спортшының “Дара жол” бағдарламасына берген сұхбатынан алынды
Материал авторы: Бану Әбдіғалиева