Bugin
Фото: X / alilmoonn
Жапонияның бірқатар жағалаудағы қалаларының тұрғындары түсірген фотосуреттер әлеуметтік желілерде тарап кетті. Олар түнгі аспаннан ерекше жарықты көрген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі lifehacker.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аспанда байқалған бұл құбылыс балықшыларға таныс. Жапониялықтар оны – Исаби Кочу деп атайды. Бұл сөзбе-сөз аударғанда “балықты тартатын тіректер” дегенді білдіреді. Мұндай жарық кальмар аулау үшін теңізге шығатын балық аулау қайықтарының үстінде пайда болады.
Балықшылар теңізде арнайы шам пайдаланады. Қалыпты жағдайда ол атмосфераға ешқандай әсер етпейді. Алайда түнгі ауа температурасы төмендеген кезде кішкентай мұз кристалдары пайда болады. Сол арқылы балық аулау қайықтарынан шамдардың жарығы тізбек жасап көрінеді. Қайықтардың өзі ұзақтан көрінбейді, бірақ пайда болған жарық тіректері ұзақтан байқалады. Балықшылардың құпиясын білмейтін адамдарды бұл құбылыс таң қалдыруы және тіпті қорқытуы мүмкін.