Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазіргі кезде бір айлық адамның күнделікті өміріне жетпейді. Табысты арттыратын кеңестерді Bugin.kz тілшісі medium.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім алыңыз
Егер сіз дәл қазір мамандық бойынша жұмыс жасасаңыз, кәсіби өсуге ұмтылыңыз. Бір орында тұрып қалмаңыз. Бүгінгі күніңіз кешегі күннен ерекшеленсін. Кәсіби деңгейде дамымайтын адамдарда еңбек өтілі көбейгенмен өмірінде еш өзгеріс болмайды. Кәсібіңіз туралы ақпараттарды игеріп, оны сата аласыз. Әрі жұмыс орныңыздағы басшыларыңыздан көбірек ақы ала аласыз.
Көп ақша төлейтін жұмысқа орналасыңыз
Егер сіз өзіңіздің өз ісіңіздің кәсіби маманы болсаңыз, беделі жоғары жұмыс орындарында қызмет етуге әрекет жасаңыз. Адамдар қолда барынан айырылуға қорқады. Егер өсуге, өзгеруге қорықсаңыз, дәл қазіргі жұмысыңызға қосымша іспен шұғылданыңыз.
Қызметіңіздің құнын арттырыңыз
Көптеген адамдар жұмысының бағасын көтеруге қорқады. Фотограф Дмитрий Байрачный екі есе көп ақша сұраудан қорықпауға кеңес береді. Ол осы әдіс арқылы аз жұмыс істеп, көп ақы алған. Әрі қаладағы ең қымбат бағада жұмыс істейтін фотограф болған.
Ұялудың немесе қорқудың қажеті жоқ
Кеңес қарапайым естіледі. Бірақ мұны іс жүзігнде жасау – қиын. Ақша табудан ешқашан қорықпаңыз. Қорқыныш адамға ешқашан қажеттілік туындатпайды. Бірақ сізге ақша керек! Ұялмасаңыз ғана сіздің қызметіңізді немесе тауарыңызды сатып алатын тұтынушы табасыз. Қолыңыздан келетін қабілетті сата алмау – сізге едәуір қаржылай зиян келтіреді.
Сылтау айтпаңыз
Өзіңізге сылтау іздеудің немесе жауапкершілікті басқаларға беруге тырысудың қажеті жоқ. Егер сіз қорқатын нәрсені істеп, өз мойныңызға алсаңыз, өсесіз. Сылтау айтпау арқылы сіз жақсы өмірге, жоғары табысқа жетесіз.