Bugin

Астанада қар жауады: Синоптиктер ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

"Қазгидромет" синоптиктері Астана тұрғындарына алдағы үш күнде жауын-шашын және қар жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Болжам бойынша, 25 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы.

26 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі, 27 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа бұрылып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы болады.