Bugin

“Уайымдадық”: прокурор Бишімбаевтың сотына қатысты пікірін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынғагп скриншот

Астана қаласының прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Саяхат Нұрбеков Бишімбаев және Байжановтың сот ісіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Саяхат Нұрбеков Ulysmedia YouTube арнасына сұхбат берді. Прокурор бұл соттың тікелей эфирде өтуі, әділ шешімнің шығуына себеп болғанын жасырмады. 

“Байжанов және Бишімбаевтың соты алғаш рет тікелей эфирде болған сот. Аталғае сот отырысының ашық түрде өтуі әділ шешім шығаруға кепіл болды. 2023 жылы 9 қарашада аталған оқиға орын алғаннан кейін, басшылық құрам маған бұл істі сеніп тапсырды”,- дейді прокурор.

Саяхат Нұрбеков соттың тікелей эфирде болатынын білгенде уайымдағанын айтты.

“Сот отырысын тікелей эфирде жүргізу алғашында қиын болды. Біз уайымдадық. Кейін бұл жағдайға да үйрендік. Себебі біздің қызметімізде кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек",- деді ол. 

Саяхат Нұрбеков бұл қызметіне 6 жыл бұрын тағайындалған. Ол осы уақыт аралығында 300-ден аса қылмысқа қатысқанын айтты.