Bugin
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тыйым салынған заттарды мекемеге алып кіруге болмайтынын ескертеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жалпы саны 27 ұялы байланыс құралдарын алудың 6 фактісі тіркелген.
“Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуіне ескерту шығарылды. Тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында қызметкерлер қызметтік иттерді пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдеуді жүзеге асырады”,- делінген хабарламада.
Ведомство мекеме аумағына кіретін және шығатын барлық тұлғалардың тексеруден өтетінін ескертті.