Bugin

Несиені 5%-бен кімдер алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шаруаларға 5%-бен несие беріле бастады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

"Кең дала - 2" бағдарламасымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 400 млрд теңге бөлінген. Фермерлер қарызды "Аграрлық несие корпорациясы" және екінші деңгейлі банктер арқылы ала алады. 

Бүгінде 600-ден астам өтініш түскен. Шаруалар жалпы сомасы 46,6 млрд теңге қарыз сұраған. 

Несие 5 пайызбен 12 айға дейін беріледі. Өтініштер 29 сәуірден бастап қабылданып жатыр.