Bugin

Мектеп директорының күйеуі оқушы қыздарға қол жүгірткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысы Қарасу ауылының оқушылары мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімінің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрын сотты болған педагог жоғары сыныпта оқитын қыздарға қол жүгіртіп, ұлдарға жұдырық жұмсап келген. Ол мектеп директорының күйеуі екен.

"Алтай ағай дене шынықтыру сабағында бізге тиісіп, азғындайды. Құшақтап, аяғымыздан ұстайды, сипалайды. Біз ата-анамызға айтуға қорқамыз. Құшақтайды, әсіресе, 9-10-сыныптың қыздарына тиіседі. Тұрып ап ұстап, "менің алдыма кел" дейді. Кейбірін бұрышқа тығып қояды. Солармен сөйлесіп тұрады", - дейді мектеп оқушысы. 

Қыздарға қол жүгірткен мұғалім ұлдарға жұдырық жұмсаған. Былтыр кеуде тұсынан соққы алған 9-сынып оқушысы медициналық көмекке жүгінген көрінеді. Анықтамасы да бар, бірақ оқиға жылы жабылған.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ақысыз еңбек демалысына шығып кеткен екен. Әрі әйілінің қызметін пайдаланып мұғалімдерден еңбек сағатын тартып алатын көрінеді.