Bugin
Фото: freepik.com
Қырғызстанның Талас облысында 26 жастағы келіншек пен 2 кәмелетке жетпеген баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Khabarlar_tv инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Қырғызстан Республикасы ішкі істер министрлігі растаған. 1997 жылғы келіншекті 4 және 2 жасар қызымен бірге өлтіріп кеткен.
Тергеу істері нәтижесінде әйелдің және балалардың денесінде соққы іздері анықталды. Күдікті ретінде 1976 жылғы ер адам тұтқындалды.
“Күдікті ер адам тау арқылы қашуға әрекет қылған. Ер адам бұрын сотталған”,- делінген хабарламада.