Bugin

Масадан қалай құтыламыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жаз мезгілінде масалар мазаны алады. Масадан құтылудың әртүрлі жолдары бар. Bugin.kz порталы aqtobegazeti.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап, масадан құтылу жолдарын айтады. 

1. Ванилинге бір ас қасық балалар кремін қосып денеге жағып алса, маса жоламайды.  Бір ас қасық ваниль ұнтағын жарты стақан суға езіп, ерітіндіні киімге, дененің ашық жерлеріне жағып алса да болады. 

2. Масалар қазтамақ, қызанақ және райхан гүлдің иісін жақтырмайды. Гүл салынған ыдысты терезе алдына қойса, жәндіктердің бөлмеге кірмейтінін аңғаруға болады. 

3. Қайнатылған жусан тамыры да масаларға қарсы жақсы әсер етеді. Жусан тамыры қайнаған суды денеге, киімге жағуға болады. 

4. Райхан жапырағы да масаларға ұнамайды. Терезе алдына, есік тұсына райхан жапырақтарын қоюға болады. 


5. Кереует маңына шүйгіншөп (валерьяна) тұнбасына қаныққан (малынған) спонжиктерді қойыңыз.