Bugin

Қазақ тағамтану академиясының президенті дүниеден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: news.kaznmu.edu.kz

Академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор, гигиенист-нутрициолог ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. Ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол мешел ауруының даму механизімін ашты. Тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады. Оның жетекшілігімен 56 докторлық және 170 кандидатттық диссертациялар қорғалды.

Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған "Бөбек", "Аруана", "Антихолестерин" тағам қоспалар шықты. Ол "Қазан революциясы", "Халықтар достығы", "Парасат" ордендерімен марапатталған.