Bugin

“Кезбе”: құлдықтан қашқан келіншек туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @gulmir_ktk

Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына іздеуде жүрген келіншектің суретін жүктеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Журналист бұған дейін Әйгерім есімді келіншектің Алматы облысындағы фазенданың бірінен қашып кеткенін хабарлаған. Келіншек фазендада құлдықта болған. Бұл жазбаны жариялағаннан кейін Гүлмира Әбіқайға Әйгерімді танитындар хабарласқан. 

"Алғашқы жазбадан кейін Әйгерімді танитын біраз адам жазды. Сыныптастары оның мұндай халге түскенін білмейді екен",- деді журналист.

Әйгерімді ауылдастары да таныған. Оны күйеуі ұра бергеннен кезбе ауруына шалдыққан. 

"Полиция Әйгерім туралы деректі менен естіп, енді іздестіріп жатқанын жеткізді. Түсінгенім, әйел кезбе ауруына ұшыраған. Еш жерге тоқтамайды, үнемі артынан біреу қуып жүргендей, орын суытып кете береді. Егер Әйгерім сіздің алдыңыздан шықса, түріне емес, кебісіне мән беріңіз",- деген Гүлмира Әбіқай.

Еске салайық, бұған дейін фазендадан құлдықтан қашып шыққан келіншек туралы хабарлаған едік.