Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Елімізде су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар министрлігі соңғы ақпараттарды ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ведомство мәліметінше, 25 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысының Талдыкөл ауылының барлық тұрғындары су қаупінен хабардар етілген. Елді мекеннің эвакопунктте 26 адам тіркелген, оның ішінде 13 бала. Сондай-ақ, 8 адам Атырау қаласына көшірілді. Тағы 18 адам туыстарына өз бетінше кеткен.
"Талдыкөл ауылының тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп жоқ. Құтқарушылар тобы ауыл тұрғындарын қайықпен тасымалдауды жалғастыруда. Жағдай бақылауда",- делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Жайықтағы жағдайды хабарлаған едік.