Bugin

Ақтөбеде жаңа босанған әйел ерсі әрекетке барған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасады, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе қаласының полиция басқармасына екі әйел арызданған. Оларға әйел 5 миллион теңге көлемінде кепілсіз несие алып беруге келіскен. “Қызметі” үшін әйел 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті қаражатты берген. Бірақ келіншек 2 әйелді сан соқтырып кеткен. 

"Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты",- делінген хабарламада. 

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.