Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Алматыда ер адам СПА-салондағы әкімші қызды соққыға жықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
СПА-салонның 25 жастағы қызметкері басынан оңбай соққы алған. Ер адам бойжеткеннен ішімдік сұраған. Қыз ішімдіктің сатылмайтынын ескеркен. Бірақ ер адам ашуланып қызды соққыға жықты. Бойжеткеннің алған жарақаты жүйке жүйесіне де әсер етіпті.
СПА-салонда отырған клиенттер дер кезінде полиция шақырып үлгерген. Ер адам қазір қамауда. Тергеу кезінде оның Тәжікстан азаматы екені анықталған.