Bugin

Маңғыстау облысында мектеп түлектері жаппай төбелесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында мектеп түлектері жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жергілікті полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Кәмелетке толмаған 47 бала полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - дейді полицейлер. 

Оқиғадан кейін оқушылар кешірім сұрады.