Bugin

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @kris.p.oral

25 мамырда Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 21 жастағы жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желіде жол апатының суреті тарады. Көлікте 21 жастағы қыздан бөлек, 3 жолаушы болған. Аталған оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі ресми түсінік берді.

"2024 жылы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бағыт алған "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайлары тұрақты, бақылауда". Жуалы аудандық әкімдігі

Сондай-ақ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.