Саясат
Бұл туралы БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов мәлімдеген
Сирия мен Иракта біраз күшінен айырылған ДАИШ (Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік ұйым) мүшелері Ауғанстандағы ұяшықтарын бекіте түсті және астыртын аймақтық желілерін кеңейтуде. Бұл туралы БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов мәлімдеген, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар қызметі.
"ДАИШ (ИГИЛ) Орталық Азиядағы өз қызметін кеңейтуге тырысуда және өз жақтастарын қоғамдық орындарда, соның ішінде Ферғана аңғарында террористік шабуылдар жасауға шақыруда", – дейді Ю. Федотов.
Есірткі және қылмыс басқармасы өкілінің айтуынша, лаңкестікпен күрес ДАИШ-тің Сирияда және Иракта әскери жеңілісіне алып келді. Дегенмен қауіптің беті қайтқан жоқ, көп проблема шешілмей қалды. Шетелдік боевиктер өз үйлеріне оралып жатыр. ДАИШ-тің кейбір лаңкестері басқа топтарға қосылуда немесе жаңасын құруда. Көптеген боевик Ауғанстанға көшті. ДАИШ-тің Ауғанстандағы ұясы тұрақсыздық тудыратын қауіпті фактор болып отыр.