Bugin
Фото: infokarel
Тауға шыққан 11 жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы облысының тауларында қар аралас жаңбыр салдарынан адамдар жоғалды.
11 жасөспірімге республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмектесті.
ТЖМ мәліметінше, адасқан жасөспірімдер қар аралас жаңбырға қарамастан тауға шыққан. Олар 3954 метрлік Турист шыңынан табылды.
"Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық қызметпен бірлесіп тауға шығып, топтың бес мүшесін тапты. Құлаған тастан жарақат алған жасөспірімге дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін құтқарушылар туристерді төмен түсіріп, әрі қарай тексеру үшін медицина және апаттар орталығының мамандарына тапсырды. Біраз уақыттан кейін қалған жасөспірім табылды. Бәрі аман-есен",- делінген хабарламада.