Bugin
Фото: pixabay
Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар баланы тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ІІМ баспасөз қызметі үшінші мегаполисте кішкентай баланың жоғалып кеткені жайлы хабарламаның құзырлы органға 24 мамыр күні келіп түскенін хабарлады.
Жоғалған баланың анасы перзентінің аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткенін айтқан. Баланы өз бетінше таба алмаған әйел полицияға жүгінген.
Офицерлер баланың соңғы рет болған аймағын тексеріп, куәгерлерден сұрастырған. Бірнеше уақыттан кейін бала көрші үйдің ауласынан ойнап отырған кезінде табылған.
Жоғалған балақай анасына қайтарылды.